Халықтың денсаулығын қорғау үшін өнімнің орамасы мен заттаңбасында оның пайдасымен қатар зиян жағы да көрсетілуі керек.
«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығының жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларынан келетін зиянды азайту жөніндегі басшысы Бақыт Түменова айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін аталған қауымдастық заттаңба мен таңбалау көмегімен өнімдердің мөлшері мен құрамы туралы тұтынушыларды хабардар ету жолындағы өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.
Зерттеудің мақсаты - алкоголь, темекі өнімдерін және бауыр циррозы, инфаркт, қатерлі ісік және өкпе аурулары сияқты жұқпалы емес аурулардың пайда болу қаупінің алдын алу. Осындай ауруларды тудыратын кейбір тамақ өнімдерін өндірушілер өз өнімдерінің құрамы туралы қалай хабарлап жатыр? Авторлар тұтынушыларға аз зиян келтіретін өнімдерді таңдау үшін заттаңбалардың мазмұны мен жіктелуі туралы өз ұсыныстарын айтты.
Бүгінде тұтынушыларды өз денсаулығын жұқпалы емес аурулардың дамуынан қалай қорғауға болатындығы туралы ақпараттандырудың жаңа және тиімді тәсілдері қажет. Осындай бағыттардың бірі адамдарға қауіпті әдеттерден болатын зиянды азайтуға көмектесетін зиянды азайту тұжырымдамасы болып табылады. Бұл жерде қазақстандықтардың денсаулығын қорғау үшін өнімнің заттаңбасы, орамасы және таңбалануы арқылы тұтынушыларды реттеу мен тиімді ақпараттандырудың бірыңғай жүйесі қажет. Оны құруда мемлекеттің рөлі маңызды, - деді Бақыт Түменова.
Зерттеу нәтижелерін қазақстандық сарапшы, жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларын төмендету бойынша «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығының дәрігері және консультанты Гинтаутас Кентра таныстырды.
Зерттеудің рецензенттері ретінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық бағдарламалардың директоры және Қазақ тағамтану академиясының бас ғылыми қызметкері Шамиль Тажибаев және медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты психиатр дәрігер, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас ғылыми қызметкері Белгібай Шахметов болды.