Б. Сағынтаев Қызылорданы дамыту мәселелерін талқылады

0
1 134

Бақытжан Сағынтаев 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша облыстың Жобалық бақылау жұмыстарының жүйесі және Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру мәселелері бойынша өңір активімен, аудан әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді,-деп хабарлайды primeminister.kz.


Б. Сағынтаев Қызылорданы дамыту мәселелерін талқылады

фото: primeminister.kz.

Елбасы тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Бақытжан Сағынтаев 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша облыстың Жобалық бақылау жұмыстарының жүйесі және Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру мәселелері бойынша өңір активімен, аудан әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді,-деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесуде Елбасының өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды, ол үшін экономиканың барлық маңызды бағыттары бойынша жобалық басқару жүйесі енгізілді. Бұл — жаппай кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялар тарту, индустрияландыру, АӨК, өнімді жұмыспен қамту, цифрландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу. Әрбір жоба бойынша мақсатты көрсеткіштер белгіленген.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің жобалық басқаруы аясындағы жаңа жаһандық шынайылық жағдайында экономиканың сапалы әрі тұрақты өсімін қамтамасыз етуге қажетті атқарылып жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ негізгі мақсатты индикаторлар туралы баяндады.

Кездесу барысында Қызылорда облысы экономикасының құрылымдық трансформациясын және сапалы әрі теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша ішкі қорларын анықтау және пайдалану жоспарлары қаралды. Осы мәселеге қатысты өздері жауапты бағыттар бойынша ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев сөз сөйледі.

Талқылауға бизнес өкілдері де қатысты. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев жобалық басқару міндеттерін іске асыруға бизнесті тартудың басымдықты бағыттары туралы айтып берді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті дамыту Үкіметтің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Бұл — еліміздің экономикалық өсімінің жаңа моделін құрудың басты бағыты. Осыған орай Үкімет кәсіпкерлік ахуалын жақсарту және ШОБ субъектілерінің іскерлік белсенділігін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр.