Байдарка мен каноэде есуден әлем кубогі басталды

0
473

Әлем кубогінің екінші кезеңінде Қазақстан атынан екі спортшы сынға түсуде.


Байдарка мен каноэде есуден әлем кубогі басталды

ERNUR.KZ. Ресейдің Барнаул қаласында байдарка мен каноэде есуден Токио Олимпиадасына жолдама беретін соңғы әлемдік турнир басталды, деп жазады baq.kz.

Әлем кубогінің екінші кезеңінде Қазақстан атынан екі спортшы сынға түсуде. Бір адамдық каноэден 200 метрге жарысудан Ольга Сурмина және бір адамдық байдаркадан 200 метрге жарысудан Сергей Токарниций Токио Олимпиадасының жолдамасына таласып жатыр.

Ольга Сурмина өз тобында екінші орын иеленіп, финалға жолдама алды. Оның уақыт көрсеткіші – 52,053 секунд.