Байқоңырда төрт жасар бала балконнан құлап кетті: Анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

0
675

Байқоңырда төрт жасар бала 4 қабаттың балконынан құлап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.


Байқоңырда төрт жасар бала балконнан құлап кетті: Анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Бүлдіршінді жалғыз өзін қалдырып кеткені үшін оның анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Stan.kz.

Байқоңыр тұрғыны төрт кшікентай баласын үйге қамап, өзі дүкенге шығып кеткен. Бұл кезде үйдегі балконның терезесі ашық қалыпты.

“Анасы дүкенге кеткен соң төрт жасар балақай терезеге шығып, жоғары қабаттан құлап кеткен. Бала ауыр жарақаттар алып, ауруханаға түсті”, – делінген Байқоңыр кешені прокуратурасының мәлімдемесінде.

Қазіргі таңда әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Оқиғаның жай-жапсарын анықтау мақсатында тексеру амалдары жүргізілуде. Іс прокуратура бақылауына алынды.