«Бәйтерек» холдингінің ұжымы зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударады

0
477

Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдаумен айналысатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әрбір кәсіпкерге жеке тәртіпте қолдау көрсетуге дайын.


«Бәйтерек» холдингінің ұжымы зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударады

«Бәйтерек» холдингінің ұжымы Алматыдағы оқиғалардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір күндік жалақысын аударуға шешім қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдаумен айналысатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әрбір кәсіпкерге жеке тәртіпте қолдау көрсетуге дайын.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап ТЖ режимі аяқталғанға, яғни 19 қаңтарға дейін корпорация мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының кредиттері бойынша мерзімі өткен төлемдер үшін өсімпұл мен айыппұл есептемейді.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ ТЖ режимінің әрекет ету кезеңінде қазақстандық экспорттаушыларды қолдауды жалғастыруда және барлық қолданыстағы шарттар бойынша өз клиенттерінің сақтандырумен қорғалуын қамтамасыз етеді. Сақтандыру сыйлықақыларын уақтылы төлемеген кезде сақтандырумен қорғалуының қолданылуы тоқтатылмайтын болады. Сақтандыру жағдайының басталу тәуекелі кезінде клиенттер толық кеңес алу үшін менеджерлерге жүгіне алады.

Сонымен қатар, «Отбасы банк» АҚ және «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ ТЖ кезеңінде барлық қарыздар бойынша төлем мерзімін кешіктіргені және ай сайынғы жоспарлы төлемдерді уақтылы өтемегені үшін өсімпұл мен айыппұл есептемейді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтарда берген тапсырмасы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, жалдау ақысын субсидиялау тетігі іске қосылатын болады. Бұл халықтың осал топтары үшін үлкен қолдау.