БАҚ қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өте алады

0
541

Үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы керек.


БАҚ қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өте алады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша енді БАҚ қызметкерлері тағылымдамадан өте алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Журналист, режисер, оператор, графистер әлемнің жетекші шетелдік ұйымдары мен ЖОО-ларында «Операторлық өнер», «Режиссура», «Журналистика», «Визуалды эффектілер. 3d анимация» және т.б. мамандықтар бойынша біліктілігін арттырады.

Үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы керек. Соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге тиіс. Үміткер шетелдік ұйымнан шақыртуды өз бетінше алады және ҚАЗТЕСТ тапсырады (нәтижесі В1-ден төмен болмауы керек).
Тағылымдамаға құжат тапсыру 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.
Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызмет порталында қабылданады. Тағылымдама бойынша үміткерлер кепілге мүлік қоймайды. Міндеттемелерді орындау үшін екі гарант ұсыну ғана жеткілікті. Соңғы 12 айда тұрақты табысы бар, жасы 50-ге толмаған ҚР азаматы үміткерге гарант бола алады.
Осы тақырып бойынша толық ақпарат беру үшін 2022 жылғы 26 тамызда 16:00-де Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми Инстаграм парақшаларында бірлескен тікелей эфир өтеді (https://www.instagram.com/aqparatqogam/ ; https://www.instagram.com/bolashaq.cip/ сілтемелері бойынша).