Бақыт Сұлтанов «Даму» қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

0
734

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтына жарияланған хабарламада айтылған.


Бақыт Сұлтанов «Даму» қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

ERNUR.KZ. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтына жарияланған хабарламада айтылған.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен Б.Сұлтанов қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны туралы биржаға хабарлайды», - делінген жазбада.

Онда енгізілген өзгерістер ескеріліп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры« АҚ директорлар кеңесі жеті адамнан тұратыны да мәлімделген. Олардың қатарында Б.Сұлтанов, Е.Бахмутова, Р.Баталов, А.Нұрғалиева, Т.Жаксылықов, А.Мұхамеджанов, Г.Бөрібаева бар.

Еске сала кетейік, Бақыт Сұлтанов биылғы 4 ақпан күні қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған. Содан кейін кеңес 8 адамнан тұрған болатын.