Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.
Серік Жұманғарин 1969 жылы 22 шілдеде дүниеге келген.
Білімі:
1993 ж. – Мәскеу энергетикалық институтын «Жылуфизика» мамандығы бойынша бітірген.
1997 ж. – Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.
2013 ж. – Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп, іскери әкімшілдендіру магистры атағын алған.
Еңбек жолы:
1993-1994 жж. – «Тынай» ШЖК-ның коммерциялық директоры.
1994-1995 жж. – «Медкорп» ШЖК-ның директоры.
1995-1998 жж. – «АСБ» ЖШК бас бухгалтері, директоры.
1998-2000 жж. – «Атырау МӨЗ» АҚ-ы өкілдігінің директоры.
2000-2003 жж. – «Компания Global» ЖШС-ның коммерциялық директоры.
2003-2004 жж. – «Корпорация «Батыс Ойл Газ» ЖШС-ның бас директоры.
2005-2006 жж. – Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары.
2006 жылдың сәуір-желтоқсаны – Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі басқармасы басшысының орынбасары.
2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі басқармасының басшысы.
2008 жылдың наурыз-маусымы– Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі департаментінің директоры.
2008 жылдың маусымы – 2010 жылдың сәуірі – Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің сауда комитеті төрағасының орынбасары.
2010 жылдың сәуір-шілдесі – «Қазақстан келісімшарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2010 жылдың шілдесі– 2011 жылдың қарашасы – «NadLoc жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2012 жылдың наурыз-шілдесі – Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік саясат және бюджетаралық қатынас департаментінің директоры.
2012 жылдың шілдесі – 2013 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2013 жылдың қаңтары – 2014 жылдың тамызы – Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрінің орынбасары, вице-министр.
2014 жылдың тамызы – 2017 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.
2017 жылдың 19 қаңтарынан 2019 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі.
2019 жылдың 21 мамырынан - Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі.
Мемлекеттік наградалары: «Астананың 10 жылдығы» медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»,«Құрмет» ордені.