​Балабақша ақысы қай өңірде қымбат екені анықталды

0
1 523

ERNUR.KZ.Шымкентте балабақшаларға айлық төлеу бағасы айтарлықтай өскен.


​Балабақша ақысы қай өңірде қымбат екені анықталды

ERNUR.KZ.Шымкентте балабақшаларға айлық төлеу бағасы айтарлықтай өскен, - деп хабарлайды tengrinews.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Зерттеулерге сәйкес, Шымкентте балабақша қызметтерінің өсімі бір жылда 19,2 пайыз болған. Сондай-ақ, қызмет көрсету ақысы Түркістан облысында (20,4%), Алматыда (10,1%) және Жамбыл облысында (8,1%) өскені тіркелді.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, мектепке дейінгі білім беру және білім беру саласындағы қызмет ақысы 71,9 миллиард болған, яғни өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға немесе 8 миллиард теңгеге өскен.