Балағат сөз айтқан қостанайлық 60 мың теңге айыппұл төлейді

0
2 000

Жәбірленуші моральдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талабы бойынша 100 000 теңге көлемінде қаржы сұраған.


Балағат сөз айтқан қостанайлық 60 мың теңге айыппұл төлейді

ERNUR.KZ.Қостанай тұрғыны демалыс орны әкімшісін қорлағаны үшін 25 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс деректеріне сүйенсек, осы жылдың 12 мамыры күні Қостанай ауданы Затобол ауылының тұрғыны жергілікті демалыс орны әкімшісімен сөзге келіп қалған. «Айыпталушы әкімшінің ар-намысын төмендететін сөздер айтып, балағаттаған. Сот іс деректерін қарап, сот отырысында ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп, қала тұрғынының қылмыстық теріс қылық жасағанын дәлелдеді. Айыпталушының кәмелеттік жасқа толмаған баласының болуы оның жазасын жеңілдетті», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Жәбірленуші моральдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талабы бойынша 100 000 теңге көлемінде қаржы сұраған. Алайда, сот жәбірленушінің талабын ішінара қанағаттандырды. Қостанай аудандық сотының үкімімен әкімшіні балағаттаған әйел кінәлі деп танылды. Ол жәбірленушіге моральдық зиян келтіргені үшін 60 125 теңге айыппұл төлейді.