Балалар БҰҰ-ға шағым түсіре алады – сенат заңды мақұлдады

0
593

Шағым онлайн форматта жіберіледі.


Балалар БҰҰ-ға шағым түсіре алады – сенат заңды мақұлдады

ERNUR.KZ. Сенаторлар "Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп жазады sputnik.kz.

Хаттамаға сәйкес, балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Комитет әрбір істі қарайды және қатысушы мемлекеттерге нақты ұсынымдарды қамтитын шешімдер қабылдайды.
Хаттамада адамның және азаматтың Қазақстан Конституциясы мен заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын шектейтін нормалар қамтылмаған.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, БҰҰ-ның комитетіне Қазақстанның ішкі рәсімдерінен кейін ғана шағымдануға болады. Шағым онлайн форматта жіберіледі.
Депутаттар Қазақстанның хаттамаға қосылуы бала құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.