"Балалардың алдында ұят": Сапарбаев 2 млн теңгеге салынып жатқан дәретханалар туралы айтты

0
1 551

Облыс жаңа оқу жылына дайындық әлсіз жүргізілуде.


ERNUR.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп жазады baq.kz.

Жамбыл облысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары өте әлсіз жүргізілуде. Өңір басшысы тиісті басқармалардың жұмысына осындай баға берді.

Біліім беру саласындағы маңызды мәселе – даладағы мектеп дәретханалары. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, олардың бәрі 1 қыркүйекке дейін мектеп ғимараттарына енгізілуі керек еді. Бұл үшін 1,1 миллиард теңге бөлінген. Осы уақытқа дейін 285 дәретхананың тең жартысы ғана көшірілген.

Бұл орайда Байзақ, Қордай, Меркі, Шу аудандары айтарлықтай артта қалып отыр. "Басқалардан қарағанда көбірек қаражат бөлінді, бірақ ол тиімсіз игерілген" деген Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданының білім саласындағы жұмысын сынға алды. Өңір басшысы жылы санитарлық тораптармен жабдықтау бойынша қатаң ескертулер жасады.

Бұл - біздің өзіміздің балаларымыз. Неге құрылыс кезінде осы туралы ешкім ойламайды? Неліктен дәретханалар арасында бөліктер жасалынбаған? Әр дәретханаға кем дегенде екі миллион теңге жұмсалады. Бұл қарапайым дәретхана салу үшін шынымен жеткіліксіз бе? Оқу жылының басталуына небары 10 күн қалды, ал жұмыс аяқталған жоқ. Мен аудан әкімдерінің қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін. Олардың орнында болсам, желтоқсан айында балалардың күн сайын көше дәретханаларына қалай баратындарын ойланатын едім. Бұл - балалардың алдында ұят, - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар Б.Сапарбаев облыстағы барлық мектепте бейнебақылау камераларын орнатуды тездетуді тапсырды. Белгілі болғандай, бейнекамералардың 80 пайызы ескірген десек, оларды сандық камераларға ауыстыру керек.
Оқушыларды компьютермен қамтамасыз етуге келетін болсақ, облыстағы 234 715 оқушының тек 134,863-інде (57,4%) дербес компьютер мен ноутбугі бар. 99 852 оқушының (42,5%) компьютерлік техникасы жоқ. Жыл басынан бері облыс мектептері үшін 2 658 компьютер сатып алынды. Жыл соңына дейін 30 мыңнан астам компьютер сатып алу жоспарлануда. Облыстың 130 елді мекені интернетпен қамтылмаған десек, бұл елді мекендерде 123 мектеп бар. Онда 18 937 оқушы оқиды.
Сондай-ақ, аймақ басшысы ауылдық мектептердегі мұғалімдер мен оқулықтардың жетіспеушілігіне назар аударды, ондағы мектептер әзірге тек 44 пайыз қамтамасыз етілген. Білім беру саласы мәселелеріне негізделген келесі отырыс 10 күннен кейін өтпек, онда ведомство басшылары атқарылған жұмыстар туралы есеп беруі тиіс. Б.Сапарбаев кемшілікке жол берген әрбір тиісті тұлға жауапқа тартылатынын атап өтті.