Балаларға арналған шипажай басшысы ақша ұрлады деген күдікке ілінді

0
2 491

Онкологиялық аурулары бар балаларға арналған азық-түлік ұрланып, сатылған.


Балаларға арналған шипажай басшысы ақша ұрлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. "Алатау"емдеу-сауықтыру мекемесінің басшысына қатысты қатерлі ісікке шалдыққан балаларға арналған шипажайдағы азық-түлікті ұрлап, сатты деген күдікпен тергеу басталды, деп мәлімдеді брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Айырықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров, деп жазады zakon.kz.

Брифингте БАҚ өкілдері балалар омбудсмені Аружан Саин таратқан ақпаратқа түсініктеме беруді сұрады. Ол Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Алматы қаласындағы "Алатау" республикалық клиникалық шипажайында ақша ұрланғаны, онкологиялық аурулары бар балаларға арналған азық-түліктің ұрланып, сатылғаны туралы айтқан еді.

"Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты "Алатау" балалар клиникалық шипажайының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу мүдделеріне сай басқа ақпараттар жария етуге жатпайды", - деді Бекайдаров.