"Баланы алып кетпек болды": Астанада күдікті ер адам ұсталды

0
270

Көршілер араша түскен соң бейтаныс ер адам ауладан шықпаған. Ол біреуді қарайлай берген.


ERNUR.KZ. Астанада қызды қырағы көршілері аман алып қалды. Оны бейтаныс ер адам алып кетпек болғаны айтылған, деп жазады tengrinews.kz.

Тұрғындардың айтуынша, олар ауланы ары-бері кезіп, біреуді қарайлап жүрген бейтаныс ер адамды байқаған. Бір кезде ол тоғыз жасар қызға келіп, оны өзімен бірге алып кетпек болғаны айтылады. Оның оғаш қылығын сезген көрші ер адамды тоқтатты.

"Мен қыздан: "Сен оны білесің бе?" - деп сұрадым. Білмеймін деді. Ол болса, менің көзімше: "Жүр, кеттік, ол жай, үйге барғысы келмей тұр", - дейді күдікті ер адамнан қызды алып қалған әйел.

Көршілер араша түскен соң бейтаныс ер адам ауладан шықпаған. Ол біреуді қарайлай берген.

"Ол бұталардың артында тұрды, содан кейін ары-бері жүре бастады. Бала ұстаған әйелді көргенде артынан ерді. Олар подъезге кіріп кетті, ол болса аңдығандай болды", - дейді үй тұрғындары.

Оқиға куәгерлері полиция шақырған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ер адамды ұстады.

"Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.