Баласын ыстық шәймен күйдірген безбүйрек әке жұрттың ашуын туғызды (видео)

0
606

Ішіп отырған ыстық шәйін әйелі мен баласына шашқан ер адамның әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оның кішкентай қызы күйіп қалып, қатты жылайды.


Баласын ыстық шәймен күйдірген безбүйрек әке жұрттың ашуын туғызды (видео)

ERNUR.KZ. Отағасының неліктен бұлай жасағаны түсініксіз, деп жазады Экспресс К.

Әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың жағасын ұстатты. Онда ер адам жантайып, шәй ішіп жатыр. Осы сәтті видеоға түсірген әйеліне ол қолындағы шәйді шашып жібереді. Ыстық шәйдан анасының қасында жүрген баласы да күйіп қалады. Безбүйрек әкенің кім екені әзірге белгісіз.


"Бала қадірін білмейтін, отбасының жылуын сезінбейтін, безбүйрек", "Тексіз неме! Осындай хайуандарды көрсем, өлтіргім келеді", "Мал екен", "Балаға обал, күйіп қалды", "Сорлылар, таза жынды ғой мына екеуі", - деп түрлі пікір қалдырды желі қолданушылары.