​ Балқашта 3 жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті

0
607

Бала ауруханаға жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.


​ Балқашта 3 жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Балқаш қаласында 3 жасар қыз бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

“9 тамыз күні Балқаштағы көпсалалы ауруханаға төртінші қабаттан құлап кеткен сәби түсті. Оның жағдайы ауыр болды. Бірден ота бөліміне жіберіліп, бірқатар тексерулер жүргізілді. Бүгінгі таңда баланың жағдайын тұрақтандыруға бағытталған барлық іс-шара жүргізіліп жатыр. Омыртқа қабырғасының сынғаны, бас миының жарақаты анықталды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

3 жасар қыз жансақтау бөліміне ауыстырылған. Ол өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныс алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.