Балқашта педофилді азаптаған төрт полицей сотталды

0
585

Балқаш қалалық сотында жергілікті криминалдық полицияның бастығы мен оның үш қызметкеріне қатысты үкім шығарылды.


Балқашта педофилді азаптаған төрт полицей сотталды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Балқашта төрт полицей педофилді азаптағаны үшін сотталды. Олар 9 және 10 жылға сотталып, атағынан айырылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Балқаш қалалық сотында жергілікті криминалдық полицияның бастығы мен оның үш қызметкеріне қатысты үкім шығарылды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігі "Жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соққан азаптау" бойынша айып тағылған.

Бұл істе жәбірленуші - педофилия үшін сотталған 44 жастағы Балқаш тұрғыны. Тергеу мәліметі бойынша, ол 2019 жылдың қазанында күзетшілер тарапынан жәбір көрген. Сол кезде ол қылмыстық іске күдікті болған. Ол жергілікті полиция бөлімі ғимаратында азапталған.

"Төрт айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Бұл іс бойынша жиналған дәлелдемелер, сараптама нәтижелері мен жәбірленушінің айғақтары расталады. Сот айыпталушылардың екеуіне 9 жылға, тағы екеуіне 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді, сонымен қатар олар үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және арнайы атағынан айырылады: отставкадағы полиция подполковнигі, майор, аға лейтенант және полиция лейтенанты", - деді судья Бақтияр Аханов.

Сотталушылар кінәсін мойындамады. Сот үкімі жарияланғаннан кейін олар үкіммен келіспейтінін мәлімдеді.