Балқашта педофилдің шағымын сот қанағаттандырмады

0
2 379

Ер адам кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылған.


Балқашта педофилдің шағымын сот қанағаттандырмады

ERNUR.KZ. Қарағанды облыстық соты жалдамалы пәтерде жеті жасар қызға тиіскен Балқаш тұрғынына қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп жазады zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, қылмыстық оқиға 2019 жылдың қараша айында болған.

Сотталушы досынан дүкенге баруды өтініп, өзі осы кезде оның қызына тиіскен. Заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған жәбірленушінің куәлігі, сарапшылардың қорытындылары және т.б. дәлелдер оның кінәсін растады, деп атап өтті сот.

Ер адам кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол өмір бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты оқытушылық және басқа да лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырылады.

Облыстық соттың апелляциялық алқасының отырысы өтті. Апелляциялық шағым қанағаттандырылмады, үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Сотталғанға медициналық мәжбүрлеу шаралары, оның ішінде химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлі емдеу шаралары қажет емес, - дейді баспасөз қызметіндегілер.