Балқашта полицейлер браконьерді тікұшақпен қуып жүріп ұстады

0
506

39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.


Балқашта полицейлер браконьерді тікұшақпен қуып жүріп ұстады

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында моторлы қайыққа мінген браконьер тікұшақтағы полицейлерден қашып кетпек болды, деп жазады sputnik.kz.

3 қарашада Балқаш қалалық полиция бөлімі табиғатты қорғау бөлімшесінің қызметкерлері балық инспекциясы өкілдерімен бірлесіп, "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Олар заңсыз балық аулайтындарды анықтау мақсатында тікұшақпен Балқаш көлін аралап шықты. Тексеріс кезінде кешке қарай Шұбар-Түбек ауылы тұсында моторлы қайықты байқаған. Полицейлерді көрген браконьер қашып кетуге тырысқан.
Тәртіп сақшылары оның соңына түсіп, жағаға жеткенде 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қайықтан 84 келі балық пен 400 метр балық аулау ауы табылды. Табиғатқа келтірілген шығын 417 мың теңгені құрады.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.