Балқашта жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың денесі табылды

0
693

Қыз би үйірмесінен шығып, одан оралмаған.


Балқашта жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың денесі табылды

ERNUR.KZ. Балқашта жоғалған қызды іздеуге 130-дан астам полиция қызметкері мен ерікті жұмылдырылды, деп жазады inform.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға кеше кешкілік уақытта жергілікті тұрғыннан 15 жастағы қызының жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Азамат арызында күндізгі сағат 16:00 шамасында қызы би үйірмесіне шығып, одан оралмағанын айтты.

Іздеу жұмыстарына қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері дабыл жүйесі бойынша көтеріліп, іздеу жұмыстары басталды. Баланың болуы мүмкін деген такси және көлік тұрақтары тексеріліп, қала жолдарындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу, барлық аулаларға қарау жұмыстары жүргізілді.

Іздеу жұмыстарына еріктілер, қала тұрғындары атсалысты. Іздеу жұмыстары 11 желтоқсан күні таңертеңгілік Балқаш көлінің маңына алып келді. Көл жағасынан жоғалған қыздың киімдері табылды. Осы уақыттан бастап көлдің аумағын қарау жұмысы жүргізілді. Сағат 13:36 шамасында көлден 40-50 метр қашықтықта, 2,5-3 метр тереңдікте қыздың мәйіті табылды.

Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.