Дәл қазір шипа іздеген 29 адамның 18-і стационарда емделіп жатыр.
ERNUR.KZ. Балқаш көлінің жағасындағы демалыс орындарының бірінде демалушылар жаппай уланып қалды. Салдарынан 29 адам медициналық көмекке жүгінген, деп жазады inform.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда сол өңірдің жауапты мамандарымен байланысқа шығуды өтінді.
Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің бас маманы Айгүл Шатекованың мәліметінше, бүгін Балқаш қаласындағы «Досжан» отбасылық интернат үйінің демалушылары жедел ішек инфекциясына шалдығуы мүмкін деген күдікпен медициналық көмекке жүгінген. Дәл қазір шипа іздеген 29 адамның 18-і стационарда емделіп жатыр.
«Балқаш қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары эпидемияға қарсы шараларды бастап, індет ошағына анықтауға кірісті. Науқастар арасында сауалнама жүргізді. Зертханалық зерттеулермен қатар тергеу басталды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Балқаш қалалық полиция бөліміне берілді», - деді Айгүл Шатекова.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Екібастұз қаласындағы жергілікті мейрамханалардың бірінде адамдардың тамақтан жаппай улануы тіркелген еді.