Балтамен ұрған: ақтаулық полицейлер күдіктілерді ұстады

0
922

Әлеуметтік желілерде бетперде таққан жастардың балта және өзге де құралдармен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан бейнежазбалар таратылған.


Балтамен ұрған: ақтаулық полицейлер күдіктілерді ұстады

Ақтаулық полицейлер екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсеткен күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде бетперде таққан жастардың балта және өзге де құралдармен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан бейнежазбалар таратылған. Екі факті бойынша да ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Анықталғандай, екі оқиға да Ақтау қаласында әртүрлі уақытта болған. Полицейлер қазіргі таңда жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтап, 16 және 21 жастағы күдіктілерді ұстады.

Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғалардың толық мән-жайы анықталуда. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, Желіде жас жігітті шынжырмен ұрған топтың видеосы тарағаны туралы жазған болатынбыз.