Балықшы суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды

0
1 151

Судан құтқарылған жасөспірім ауруханаға жеткізілді.


Балықшы суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Елордада балықшы және оқиға орнынан кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат суға ағып бара жатқан 12 жасар жасөспірімді құтқарып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Борис Ковалевский және Олжас Өтегенов оқыс оқиға орнына жақын жерде болған. Борис балық аулаған, ал Олжас сол маңайдан өтіп бара жатқан.

«Бористің айтуынша, ол жас жеткіншектің судың жағасында кішкентай баламен қараусыз жүргенін байқаған. Бірер минуттан соң суға батып бара жатқан баланы байқап, бірден көмекке ұмтылған. Осы кезде Олжас да көмекке келді» - деді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Судан құтқарылған жасөспірім қалалық №2 балалар ауруханасына жеткізілді.