20 мың теңгелік банкноттар 2020 жылдың қыркүйегінде қайта шығарыла бастады.
ERNUR.KZ. Көптеген қазақстандықтар банк терминалдары жаңа 20 мыңдық банкноттарды қабылдамай жатқанын айтады. Мәселен, Қарағандыда адамдар банкноттарды алып қанша ақша аппараттарына келсе де, ақшаларын сала алмай жүр, деп жазады stan.kz.
20 мың теңгелік банкноттар 2020 жылдың қыркүйегінде қайта шығарыла бастады, бірақ көптеген банкоматтар оларды әлі де қабылдамайды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып шығарылған банкноттар бұрынғыларға қарағанда тығызырақ және 25 дәрежелі қорғауға ие. Сондай-ақ әлемдегі ең қауіпсіз банкноталардың бірі.
Пікірлерде көпшілігі ақшаны банкоматқа салмас бұрын оны мыжғылап алуға немесе терминалдың қабырғасына үйкелеуге кеңес білдіреді. Бірақ бұдан да көмек жоқ. Өйткені, банкоматтарға банкноттардың әр түрі үшін арнайы микробағдарлама қажет және бұл бағдарлама арзан емес. Әрбір құрылғыға шамамен 30 мың теңгеден келеді.
Ұлттық банк жаңа 20 мыңдық банкноттарды банктердің кассаларына апарып, басқа номиналдағы банкноттарға айырбастауға кеңес береді. Сондай-ақ қазақстандықтардың айтуынша, терминалдар 200 теңгелік монеталарды да қабылдамайтын көрінеді.
"Жаңа дизайндағы банкноттарды енгізгеннен кейін банктер мен төлем қызметтерінің операторлары банкоматтар мен терминалдарды белгілі бір банкнотты қабылдау және шығару үшін дербес бейімдейді және конфигурациялайды. Бұл ретте, жабдықты бейімдеу уақытты қажет етуі мүмкін екенін және жабдықты өндіруші анықтаған шарттармен ғана жүзеге асырылатынын ескереміз", - дейді ҚР Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы Асан Ахметжан.