Барлық қазақстандық оқушылар тегін тамақтана ма?

0
910

Бүгін әлеуметтік желіде тараған "барлық бала тегін тамақтанады" деген ақпарат ата-аналарды қуантып, бір-бірінен сүйінші сұрауға негіз болды.


Барлық қазақстандық оқушылар тегін тамақтана ма?

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде тараған қазақстандық оқушылардың тегін тамақтануы туралы видеоға қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz.

Бүгін әлеуметтік желіде тараған "барлық бала тегін тамақтанады" деген ақпарат ата-аналарды қуантып, бір-бірінен сүйінші сұрауға негіз болды. Алайда 45 секундтық видеода айтылған сүйінші хабар тек Шымкент қаласының оқушыларына ғана қатысты екені анықталды.

Кейін белгілі болғандай, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызының шымкенттік бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанатындығы туралы сұхбатының бас жағы кесіліп берілген. Ата-аналар арасындағы алыпқашпа әңгіменің тууына сол себеп болған.

Осыған байланысты министрлік өкілдері жауап берген еді.

Тегін тамақтану мәселесі жергілікті әкімдіктің пәрменімен шешіледі. Оқушыларды тегін аспен қамту жергілікті атқарушы органның бюджеті есебінен қаржыландырылады.ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Желіде таралған ақпаратқа қатысты Шымкент қалалық білім басқармасының өкілдері 2022 жылдың қаңтар айынан барлық қазақстандық оқушылар емес, Шымкент қаласындағы ғана мектептердің бастауыш сынып оқушылары тегін аспен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы айтқан мәліметтің толық нұсқасын мына видеодан тамашалай аласыздар.