Бас прокуратура барлық әуежайлардың маңындағы жер телімдерін тексереді

0
805

Алматы әуежайы ғана емес, барлық әуежайлар маңындағы жер телімдерінің жеке меншікке қалай берілгені анықталатын болады.


Бас прокуратура барлық әуежайлардың маңындағы жер телімдерін тексереді

ERNUR.KZ. ҚР Бас прокуратурасы Алматы маңындағы ұшақ құлаған ғимараттардың заңдылығын тексереді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, елімізде осындай оқиға орын алды. Президенттің тікелей тапсырмасы бар. Апат орнындағы ғимараттың қаншалықты заңды немесе заңсыз салынғанын тексереміз. Сонымен бірге, Алматы әуежайы ғана емес, барлық әуежайлар маңындағы жер телімдерінің жеке меншікке қалай берілгенін анықтаймыз», - деп жауап берді Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілші сауалына.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 93 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.