Бас прокуратура қазақстандықтарға тағы да ескерту жасады

0
852

Бас прокуратура заңсыз митингілерді, шерулерді ұйымдастырған және қатысқан азаматтарға ең қатаң жауаптылық шараларын қолданатынын айтты.


Бас прокуратура қазақстандықтарға тағы да ескерту жасады

ERNUR.KZ. Бас прокуратура қазақстандықтарды заңдылықты сақтауға шақырды, деп жазады holanews.kz.

Осыған дейін Бас прокуратура заңсыз митингілерді, шерулерді ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтіндігі туралы үндеу жолдаған болатын.

"Соған қарамастан, әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар еліміздің ірі қалаларында осындай акцияларды өткізуге арандатушылық шақырулар таратуын жалғастыруда.
Құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлеріне күш көрсетуге және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнің жұмысына кедергі келтіруге итермелеуде.
Бас прокуратура заңдылықты сақтауға, рұқсат етілмеген жария акциялар ұйымдастырудан және оларға қатысудан тартынуға қайта шақырады", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура осы құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатысы бар адамдарға құқық қорғау органдары қолданыстағы заңнама шеңберінде қылмыстыққа дейінгі, ең қатаң жауаптылық шараларын қолданатынын айтты.