Бұл тұлғалар Қазақстан аумағында миллиардтаған ұрлық жасаған.
Фото:tengrinews.kz
ERNUR.KZ. ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Виктор Храпунов пен Мұхтар Әблязов туралы айтып берді, деп жазады Zakon.kz.
- Храпунов мен Әблязов туралы. Бұл тұлғалар Қазақстан аумағында ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында миллиардтаған ұрлық жасаған. Бұл аса ауыр қылмыс. Қазір олар тұратын елдердің өкілетті органдары арқылы жұмыстар жүргізіліп жатқанын білесіздер. Қылмыстық қудалау жалғасуда. Біздің территориямызда Аблязовқа қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, ол тек экономикалық емес, сонымен қатар жалпы қылмыстары, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамындағы қылмыстары, сондай-ақ біздің азаматты өлтіруді ұйымдастырғаны үшін сотталды. Ол қылмыстардың бәрі аса ауыр деп саналады. Қазір өзге мемлекеттермен оларды Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. Сосын егер қылмыскерді бере алмасаң, онда өзің сотта деген қағидаттар бар. Олар бойынша белгілі материалдар шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберіледі. Қолда бар деректер бойынша, Әблязов қазір Францияда, - деді Марат Ахметжанов.