Бас прокуратура менингит туралы жалған хабарлама таратқандармен айналысады - Біртанов

0
1 153

Біртанов тек расталған мәліметке сеніп, байбаламаға салынбайға шақырды.


Бас прокуратура менингит туралы жалған хабарлама таратқандармен айналысады - Біртанов

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Бас прокуратура менингит туралы жалған хабарлама таратқандармен айналысатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Біртановқа журналистер "бұл менингок инфекциясынан қайтыс болғандардың фонында жеке вакцина тасымалдаушылардың лоббилеу әдісі емес пе?", деген сұрағына

"Лоббилеуге қатысты бұл мәселеге байланысты... Бас прокуратура тергеу бастады. Осы жағдайға қатысты заңбұзушылықтар болса, оның ішінде жалған хабарлама тарату, оның барлығы да заң алдында жауап беруі тиіс. Ел ішінде даурығуға жол берілмеуі тисі", - деді министр.

Біртанов тек расталған мәліметке сеніп, байбаламаға салынбайға шақырды.