Бас прокуратура Ресей шекарасынан өтетін азаматтарға ескерту жасады

0
462


Бас прокуратура Ресей шекарасынан өтетін азаматтарға ескерту жасады

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес адыраспан (гармала) өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген, деп жазады sputnik.kz.

"Бұл өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған, ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Ресей Федерациясыныңр аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар санының артуына байланысты, қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарға аталған өсімдікті шекара арқылы өткізуден бас тартуды ескертеді.