Бас прокурор Дзюдо федерациясының президенті болып сайланды

0
1 333

Қайрат Пернешұлы – жоғары басқару тәжірибесі бар мемлекет қайраткері және бүгінде Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметін атқарады


Бас прокурор Дзюдо федерациясының президенті болып сайланды

ERNUR.KZ. Бүгін 23 қазанында Астанада «Hilton Astana» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының президентін сайлау мақсатында кезектен тыс конференция өтті, деп жазады Bag.kz.

Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абулғазин, ҚР Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры Асхат Житкеев, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов, дзюдодан Әлем Чемпионы Максим Раков, Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Азамат Мұқанов, дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Смағұлов қатысты.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абулғазин осыған дейінгі дзюдо федерациясының президенті болған Кеңес Рақышевтың өккілеттілігі доғарылғаннан кейін 2017 жылдың 4 қаңтарынан бері федерацияның президент лауазымы бос болғанын атап өтті.

“2017 жылдың 3 желтоқсанында кезектен тыс Конференция шешімімен федерацияның бас хатшысы Самат Жылқыбаевқа уақытша басқару қызметі берілді. Бүгінде федерация президентінің лауазымына Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасы ұсынылды. Қайрат Пернешұлы – жоғары басқару тәжірибесі бар мемлекет қайраткері және бүгінде Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметін атқарады”, - деді ол.

Кезектен тыс конференцияда мүшелері Қазақстан дзюдо федерациясының президенті ретінде бірауыздан Қайрат Қожамжаровқа дауыс берді.

Уақыт өте көп емес. Бірақ та бұл жауапты мәселе. Елбасы өзінің келісімін берді. Біз үшін спорт – Қазақстанның намысы, мақтанышы”, - деді Қожамжаров.