Бас прокурор қаңтардағы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың санын жариялады

0
503

Алматыда 139 адам қайтыс болған.


Бас прокурор қаңтардағы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың санын жариялады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаңтар оқиғасына арналған жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасында қаза тапқан 230 адамның 20-сы абайсызда оқ жаудырғандар, деп жазады Zakon.kz.

Бас прокурордың айтуынша, тәртіпсіздіктер кезінде елімізде 230 адам қаза тапқан, оның 19-ы әскерилер мен күштік құрылым қызметкерлері.

"Алматыда 139 адам қайтыс болды. Бүгінгі таңда әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру және құқықтық тәртіпті орнату барысында 86 шабуыл жасағаны анықталды. Қайтыс болған 53 адамның өлімінің мән-жайы анықталуда. Олар қала аумағында әртүрлі жарақаттармен, оның ішінде 48-і оқтан, 2-і пышақ жарақатымен, 3-і басқа да жарақаттармен және күйіктермен табылды", - дейді Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов.

Ол басқа жеті облыста әкімдіктердің, полицияның және ҰҚК департаментінің ғимараттарын қорғау кезінде құқық қорғау органдарымен 63 шабуылдаушы жойылғанын айтты.

"Бүгінде абайсызда оқ астында қалған 20 азаматтың қазасы туралы нақты білеміз. Оның 11-і Алматы қаласында, 8-і Алматы облысында және біреуі Тараз қаласында. Олардың арасында оқ астында қалғандар да, тәртіпсіздікке қатысушылардың қолынан қаза тапқандар да, әскерилердің талабына бағынбаған, бақылау-өткізу бекеттерінде де бар", - дейді Берік Асылов.