Бас санитар дәрігер сайлауға бетпердемен баруға кеңес берді

0
650

Республика бойынша күн сайын вирус жұқтырған 70 адам тіркеледі.


Бас санитар дәрігер сайлауға бетпердемен баруға кеңес берді

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова сайлауға бетперде киіп баруға кеңес берді, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, коронавирус бойынша барлық аймақ "жасыл" аймаққа кіреді. Республика бойынша күн сайын вирус жұқтырған 70 адам тіркеледі. Ал жіті респираторлық вирустар мен тұмау күшейіп келеді.
Осы уақытқа дейін мыңнан астам адамның тұмау жұқтырғаны зертханалық талдаумен дәлелденсе, бір миллионнан астам адам респираторлық инфекцияны жұқтырған. Оларлың арасында балалар да аз емес.
"Қазір коронавирус бойынша жағдай тұрақты, бірақ біз респираторлық инфекциялар мен тұмау маусымы аяқталған жоқ. Вирусты жұқтыру жолдары бірдей. Одан қорғану шаралары да ұқсас. Қазір бетпердені киюге міндет жоқ. Бірақ әрбіреуіміз тұмаудың ерте басталғанын ескеріп, сақтық шараларын ұмытпауымыз керек. Демек, кез келген сайлаушы бетперде киіп, дауыс бере алады", - деді Есмағамбетова орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.
Санитарлық департамент сайлау комиссияларына да бетперде киюге кеңес берді. Себебі учаске арқылы көп адам өтеді, вирусты жұқтыру қаупі жоғары.