Бастауыш сыныпқа арналған пәндердің мазмұны қайта қаралып жатыр

0
799

Бастауыш сыныпқа арналған академиялық пәндердің мазмұны қайта қаралып жатыр.


Бастауыш сыныпқа арналған пәндердің мазмұны қайта қаралып жатыр

ERNUR.KZ. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Орта білім беру мазмұнын еңбек нарығының талаптарына, педагогика және психология саласындағы жаңалықтарға сәйкестендіру үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы бастауыш сынып оқушыларының психоэмоционалдық жағдайын ескере отырып, академиялық пәндердің мазмұнын қайта қарау, жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бағдарлау, оқушылардың дербестігін, әлеуметтік дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, инклюзивті білім берудің қолжетімділігін арттыру мәселелерін пысықтайды», - деді Ералы Тоғжанов.

Үкімет басшысының орынбасары жалпы еліміздің рухани құндылықтарын сақтау және оларды мектеп бағдарламасы, әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дәріптеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартады.