Прокурорлар БҚО Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейін өзінің шотына заңсыз аудару жолымен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының прокурорлары ірі көлемде бюджет қаражатының ұрлануын әшкереледі, деп жазады tengrinews.kz.
Прокурорлар БҚО Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейін өзінің шотына заңсыз аудару жолымен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
Бұл факт ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркеліп, кейіннен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданып, тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданды.
"Сот үкімімен әкімдік қызметкер 3 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды", - делінген Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарламасында