Батыс Қазақстанда адамдарға шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталды

0
711

​Енді ауылда мал мен ет сатуға болмайды, барлық үй жануарына вакцина салынуға тиіс.


Батыс Қазақстанда адамдарға шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданындағы Шоқтыбай ауылы адамдарға шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталғаннан кейін карантинге жабылды, деп жазады sputnik.kz.

Карантин талаптары тұрғындарға әсер етпейді, өйткені құтыру адамнан адамға берілмейді.
Оқиға 7 мамыр күні болды. Қасқырдың тісі үш ересек адам мен төрт жасар балаға тиді.
Мамандар қасқыр мен ол талаған иттерді атып тастап, жыртқыштың басын зерттеуге жіберген болатын. Зерттеу қорытындысы оның құтыру ауруына шалдыққанын көрсетті.
Аудандық ветеринарлық станция басшысының міндетін атқарушы Досқанат Сағынбайдың айтуынша, барлық үй жануары құтыруға қарсы егіледі.
Елді мекеннен жануарлар мен етті сатуға шығаруға тыйым салынды.
Ауыл карантинге жабылып, 11 мың шаршы метрден астам жерге дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек 1 668 бас ірі қара, 1 290 бас ұсақ мал, 141 жылқы, 50 ит және 55 мысық құтыруға қарсы вакциналанады.
Шыңғырлау ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қасқыр жарақаттаған тұрғындар антирабиялық сарысу қабылдауды жалғастыратынын жеткізді.