Батыс Қазақстанда дәмхана маңында әйелін пышақтап кеткен ер адам ұсталды

0
687

33 жастағы ер адам дәмхана маңында 28 жастағы бұрынғы әйелін бірнеше рет пышақтап, қашып кеткен.


Батыс Қазақстанда дәмхана маңында әйелін пышақтап кеткен ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында дәмхана маңында бұрынғы әйеліне бірнеше жерден пышақ сұққан ер адам ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

БҚО полиция департаментінің ақпаратынша, күдікті бір тәулікке жетер-жетпес уақыт ішінде тұтқындалған. Оқиғаның мән-жайын тергеу анықтап жатыр.
"Күдікті кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар сараптама жасалады, тергеу жүргізіледі", - деп түсіндірді ведомство.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы әйел интенсивті терапия палатасында жатқанын айтты. Жағдайы ауыр. Науқас көптеген жарақат алған.
Айта кетері, адам өлтіруге оқталғаны үшін күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салсақ, 8 сәуір күні сағат 1:40-та Бәйтерек ауданы Переметное ауылында 33 жастағы ер адам дәмхана маңында 28 жастағы бұрынғы әйелін бірнеше рет пышақтап, қашып кеткен. Әйелдің мойын тұсы, кеуде қуысы мен іш қуысынан көптеген пышақ жарақаты анықталды.
Полиция қылмыс жасады деген күдікпен Нұржан Хусаинов (лақап аты "Жұма", оған қатысты қорғау нұсқамасы жазылды) іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.