Көлік ауылдың "Сарытау" шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында полиция департаменті бүгін, 9 қаңтарда сағат 10:30 шамасында тіршілік белгілері жоқ адамдар отырған көліктің табылғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Көлік ауылдың "Сарытау" шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.
"Көліктен 4 мәйіт табылды (2006 жылы туған қыз бен 2 жігіт және 2004 жылы туған жігіт) өлімнің алдын ала себебі - көмірқышқыл газынан улану", - делінген ақпаратта.
Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.