Қаза болған командирдің жасы 32-де, күдікті 24 жаста.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдарының қызметкері аудандық ішкі істер бөлімінің ауласында өз басшысына оқ аттты, деп жазады sputniknews.kz.
Қылмыс бейсенбіде шамамен сағат 16.30-да Ақжайық ауданының Чапаев селосында аудандық ішкі істер бөлімінде болды.
"Қызметкер өз бастығын – взвод командирін атып өлтірді. Күдікті ұсталды", - деп хабарлады Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қоңырау сағат 16.32-де түскен, ер адам дәрігерлер жеткенше көз жұмды.
Қаза болған командирдің жасы 32-де, күдікті 24 жаста.
"Ақжайық ауданы екінші батальонының полиция сержанты взвод командиріне табельдік қарудан оқ атты", - деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінен.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.