Батыс Қазақстанда ұстаздарға тиесілі 250 млн теңге үстемақы төленбеген

0
617

Сырым ауданының білім бөлімі 26 білім беру ұйымының 1195 қызметкеріне жалпы сомасы 259 млн теңгеге үстемеақы төлемеген.


Батыс Қазақстанда ұстаздарға тиесілі 250 млн теңге үстемақы төленбеген

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында педагогтерге 250 млн теңгеден астам тиісті үстемақы төленбеген, деп жазады sputnik.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мониторинг кезінде Сырым ауданының педагогтеріне белгіленген міндетті 259 млн тенге сомасына үстемеақы төлемеу фактілерін анықтаған.
"Сырым ауданының білім бөлімі 2020-2023 жылдар кезеңінде 26 білім беру ұйымының 1195 қызметкеріне жалпы сомасы 259 млн теңгеге ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10% мөлшерінде үстемеақы төлемеген. Департаменттің араласуымен Сырым ауданының білім бөлімі тарифтік тізімге өзгерістер енгізіп, жалақыны қайта есептеді, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды", - дейді ведомство.
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10% мөлшерінде үстемеақы белгілеу қажет, дейді облыстық антикор.