Батыс Қазақстанда жеті жүк көлігі соқтығысып қалды – видео

0
1 090

Ірі жол апаты салдарынан Самара – Шымкент жолында көлік қозғалысы тоқтатылған


Батыс Қазақстанда жеті жүк көлігі соқтығысып қалды – видео

ERNUR.KZ. Қазақстанның батысында Самара – Шымкент трассасында жүк көліктерінің ірі жол апаты болды, деп жазады sputniknews.

Оқиға сейсенбі күні түске дейін тас жолдың 344-ші километрінде болған. Апат салдарынан жеті жүк көлігі зардап шекті. Кей деректерге сүйенсек, алда келе жатқан жүк көлігі кенеттен күрт тоқтап, салдарынан алып көліктер бір-біріне соғылған.

Көлік апаты орнында түсірілген видеода куәгер жолдың жабылғанын айтады. Көп ұзамай қозғалыс қалпына келтірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.