Бауыржан Исламхан ресейлік «Зенитте» қаралымда жүрген еді.
ERNUR.KZ. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның агенті Марат Арчеговтың айтуынша, футболшы Біріккен Араб Әмірліктеріне жаңа клубпен келісім жасауға кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы, 13 дүркін ел чемпионы, 2003 жылғы Азия Чемпиондар кубогының жеңімпазы «Аль-Айн» әмірлік клубында жұмыс істемек. Қазіргі таңда оның командасының бас бапкері - португалдық маман Педру Эмануэль.
Еске салайық, таяуда Бауыржан Исламхан ресейлік «Зенитте» қаралымда жүрген еді, бірақ ол питерліктердің талабына сай келмеді.