​Байзақова: Сонда сіздер шымкенттіктерді ұнатпайсыздар ма?

0
2 420

Ешқайсымыз оған ештеңе жасай алмадық. Сол қақтығыста болған бір де бір астаналық жігіт оған қарсы тұра алмады. Керісінше, ештеңе естімегендей кейіп танытты.


​Байзақова: Сонда сіздер шымкенттіктерді ұнатпайсыздар ма?

фото: желіден алынды

Инстаграм жұлдызы Айжан Байзақова Telegram-дағы парақшасында өзін астаналық «Беделді ер азаматтың» бауыздап кете жаздағанын жазды, деп хабарлайды ERNUR.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Астана. Менің жаным осы қаланы не үшін қаламайды? Жұма күні «Ньютон» клубында болғандардың есінде шығар. Жанымызды салып жандырдық, сахнада секірдік, сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге тырыстық. Біз сіздер үшін барынша тырыстық. Және ол қолымыздан келді деп ойлаймыз. Бірақ! Осы жағдайдың басқа жағы да бар», деп жазады Байзақова өз Telegram желісінде.

Байзақованың сөзіне сенсек, белгісіз ер адам лайықсыз мінез көрсетіп, оны қорлаған. Күзетшілерден оны шығарып жіберуін сұрағанда, оның «Астанадағы беделді адам» екендігін айтқан.

«Ол таңғы 9-ға дейін клубтың жанында мені бауыздау үшін күтіп тұрды. Ешқайсымыз оған ештеңе жасай алмадық. Сол қақтығыста болған бір де бір астаналық жігіт оған қарсы тұра алмады. Керісінше, ештеңе естімегендей кейіп танытты. Міне сіздерге Астана. Дамушы қала. Сонда сіздер шымкенттіктерді ұнатпайсыздар ма? Ал Шымкентте қалай болғанын айтайын ба? Ол жақта менің тарапыма ешкім жағымсыз пікір айтқан жоқ. Жігіттер маған «Қарындасым, сені ренжітіп қарап отырмаймыз» деді», деп бөлісті Байзақова.