​Базарда халықты жұмыспен қамту орталығы ашылды

0
1 981

Қарағандыда жұмыссыз жүрген жастардың санын қысқартудың жаңа амалы ойлап табылды.


​Базарда халықты жұмыспен қамту орталығы ашылды

Қарағандыда жұмыссыз жүрген жастардың санын қысқартудың жаңа амалы ойлап табылды. Облыс әкімдігінің бастамасымен «Шығыс» базарында Жұмыспен қамту орталығы ашылды. Енді мұнда тек көкөністер мен жемістер сатып алып қана қоймай, сонымен қатар қалай жұмыс тауып, қалай өз ісіңді бастауға болатыны жайлы білуге мүмкіндік бар. Бұл мәселелер бойынша жұмыспен қамту орталығының мамандары мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері көмек көрсетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа бөлімшені базарда ашу туралы шешім бекерден қабылданған жоқ. Мұнда адамдар ағымы үлкен. Күн сайын «Шығыс» базарында 10 мынан астам адам болып қайтады, олардың арасында тұрақты жұмысы жоқтары да болады. Әдетте олар кездейсоқ табыс табу үшін осы жерге арнайы келеді. Көбінесе жоғары білімі жоқ жастар, не болмаса тәжірибесі болмағандықтан жұмысқа тұра алмағандар. Сондықтан, Ерлан Қошанов атап өткендей, аталмыш бөлімшенің ашылуы жұмыс іздеушілердің өздерін қызықтырған мамандықтары бойынша жұмыс тауып алуына септігін тигізуі тиіс.

- Бүгінгі таңда елімізде Президенттің арқасында қайта білім алып, жұмыс тауып немесе шағын несие алу арқылы өз ісін бастағысы келетіндер үшін барлық жағдай жасалуда. Кімде мамандығы болмаса, білім алуға немесе қайта оқуға болады. Бұған қоса мемлекет стипендия төлеп, коммуналдық шығындарды өтеп, жол жүру ақысын жеңілдетуді қамтамасыз етеді. Алайда бұл бағдарламалар туралы көбісі біле бермейді. Сондықтан кеңесшілер барлығына осы мүмкіндіктер туралы айтып береді, - дейді Ерлан Қошанов.

Елбасы осы жылды жастар жылы деп жариялады. Осындай Жұмыспен қамту пункті - жастарды қолдаудағы маңызды шаралардың бірі, деп атап өтті облыс әкімі.

Жұмыспен қамту орталығының бөлімшесі жұмысына кіріскен бірінші күннен бастап оған адамдар келе бастады. Кеңес берушілер әркіммен жеке айналысып, жұмысқа тұрғызуға дейін барлығын жасайды.

- Осындай пункттің бұл жерде ашылуы өте жақсы ой. Мысалы, мен тегін түрде мамандық меңгеруге болатыны туралы білмедім. Мен осы базарда тазалаушы болып жұмыс істеймін, алайда бұрыннан бері аспаз болғым келген. Ол мамандықты меңгеруге мүмкіндігім болмады. Бүгін жұмыспен қамту орталығында кеңес алып, жақын уақытта білім алуға кірісемін, - дейді Нина Малюченко.

Бірінші жұмыс күнінде орталыққа 300-ден астам адам келді. Осы секілді жұмыспен қамту бөлімшелері Қарағандының барлық базарларында, сондай-ақ Жезқазған, Теміртау, Балқаш және Сәтпаевта пайда болады.
Бұған қоса, барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша қадамдық алгоритмі бар электрондық гид іске қосылады. Оның негізгі мақсаты – атаулы көмек көрсету және жастардың түйіткілді мәселерін шешу болып табылады.