Bek Air әуекомпаниясының сертификаты кері қайтарылды

0
713

Әуе компаниясын тексеру нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтары анықталды.


Bek Air әуекомпаниясының сертификаты кері қайтарылды

ERNUR.KZ. Қазақстанның авиация әкімшілігі Bek Air АҚ әуе кемесінің сертификатын кері қайтарды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңның 12 бабының 5-тармағына, 16-9 бабы 2-тармағының 10 тармақшасына сәйкес, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ жіберген бұзушылықтарды жою туралы нұсқауларды орындамауына байланысты Bek Air АҚ-ның пайдаланушы сертификаты кері қайтарып алынды. Сондай-ақ, Bek Air АҚ-ның 9 Fokker әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаттары кері қайтарылды", - делінген хабарламада.

Мұның алдында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп Bek Air әуе компаниясының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізгені хабарланған болатын. Нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтары анықталды.

Еске салайық, былтыр 27 желтоқсанда Алматыда Bek Air ұшағы әуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған болатын. Бортта 98 адам болған еді. Әуе апатынан 12 адам қаза тапты.