Bek Air қызметкерлері президенттен көмек сұрады

0
713

Ақысыз демалысқа жіберілген әуе компания қызметкерлерінің отбасылары өмір сүруге ақша таба алмай, қарызға белшеден батып отыр.


Bek Air қызметкерлері президенттен көмек сұрады

ERNUR.KZ. Bek Air әуе компаниясында тағы бір дау шықты. Компания қызметкерлері жұмыстарының тоқтап тұруына байланысты қарыздарын төлей алмай, үйсіз далада қаламыз деп қорқып отыр, деп жазады sputniknews.kz.

Апатқа ұшыраған әуе кемесінің екінші бортсерігі Мұрат Саховтың жары Шахноз Сахова ай сайын ипотекаға алған үйіне 100 мың теңге көлемінде ақша төлейді. Апаттан аман қалған күйеуінің жұмысы тоқтап тұруына байланысты жалғыз өзі отбасын асырап отыр. Ал оның айлығы қарызын ай сайын төлеп отыруға жетпейді.
"Бәрінен бұрын үш баламен көшеде қаламын ба деп қорқамын. Бұл іс ұзаққа созылып жатыр. Әрі қарай да созыла бермек. Сол себепті ел президентінен барлығының шапшаң қимылдап, істің тезірек бітуін сұраймын. Қанша созуға болады? Біресе, 20-сы, біресе, 30-ына дейін күтіңдер дейді. Ал компания тарапынан еш көмек көрсетіліп жатқан жоқ", - дейді Шахноз.
Сондай-ақ, апатқа ұшыраған ұшақ ішінде болған жолаушылар да моральдық және физикалық зақым алғаны үшін компания өтемақы төлейді деп дәмелі. Заңгерлердің айтуынша, апаттан аман қалғандардың көбі психологиялық тұрғыдан ауыр жағдайда, кейбірі алған жарақатының әсерінен өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін.