Бекболат Тілеуханов: Бізге қазір ақыл, сабыр және қазаққа тән тектілік керек (видео)

0
1 702

Қоғам қайраткері бейбіт түрде заңмен шешім қабылдап, наразылықты жөнімен көрсетейік деп кеңес берді.


Бекболат Тілеуханов: Бізге қазір ақыл, сабыр және қазаққа тән тектілік керек (видео)

ERNUR.KZ. Бекболат Тілеухан халықты ақылды болуға шақырды, деп жазады Stan.kz.

Қазақтың бір-біріне қол көтеріп, бір-бірін аяусыз жаншып жатқанын көрген Бекболат Тілеуханов халыққа не керек екенін түсінбей әлек. Қайраткердің пікірінше бұл тәуелсіздіктің жаңа кезеңі үшін жасалатын сынақ алаңы. Бірақ ол сынақты қантөгіспен өткеру миға қонбайтын дүние.

"Ана жерде көздері жәутеңдеп тұрған жасақ та біздің бауырларымыз. Қазақтың балаларын қағыстырып қойып, қарап отыру деген - қасірет. Тәуелсіздіктің екінші емтиханы басталды. Жаңа дәуірге өттік. Назарбаевтың уақыты бітті. Өзіне тиесілі шаруаны бітірді. Бірақ, Қазақстанға сыртпен қарым-қатынас жасайтын дипломат керек екенін біліп отырсыздар. Енді ол үшін бізге ақыл, сабыр, тарихи таным деген ұғымдарды терең түрде түсінетін қазақтың ұлағаттылығы мен тектілігі қажет", - дейді Бекболат Тілеухан.

Тектілікті бірінші кезекке қойған жөн деп санайды Бекболат Тілеуханов. Алаңға шыққандардың мұраты орындалмаған. Сондықтан, бейбіт түрде заңмен шешім қабылдап, наразылықты да жөнімен көрсетейік деп кеңес берді.

"Ал алаңға шықтық дейік. Қай ел төңкеріс жасап мұратына жетіпті? Кім өзі отырған бұтағын өзі аралайды?" - дейді Бекболат Тілеуханов.