Бекшин коронавирусқа байланысты жаңа болжамын жариялады

0
637

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай бұрынғы болжамға сәйкес келе жатыр.


Бекшин коронавирусқа байланысты жаңа болжамын жариялады

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қыркүйек-қазанға арналған коронавирус бойынша жаңа болжамын жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай бұрынғы болжамға сәйкес келе жатыр.

"Қыркүйектің басында 1300 жағдай болуы керек еді, болжам оқудың басталуымен сәйкес келді. Бірақ балалар мен студенттер де оқуды бастағандықтан, жағдай өзгереді. Біз қыркүйекте 1300 жағдайдан күніне 500-600 жағдайға дейін төмендейді деп күтеміз. Қазанда жаңа мутацияланған штамм болмаса, 100-200 жағдайға дейін төмендейді деп күтіледі", - деді Бекшин.