​​​​​​​Бектенов: 29 адам су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

0
429

Ол мұндай хабарламалар су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру үшін ішкі істер министрлігіне жіберілетінін айтты.


​​​​​​​Бектенов: 29 адам су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттарының сұрағына жауап берген премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 29 адам жазаланғанын айтты, деп жазады stan.kz.

"Жалған ақпараттардың алдын алу және анықтау мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында жалған және теріс ақпарат таратудың 41 фактісі анықталып, оларды өкілетті органдар теріске шығарды. Жалған ақпарат таралуының 6 дереккөзі анықталды. Олар бойынша онлайн-платформа иелерінің атына заңға қайшы материалдарды жою туралы талаппен хабарландыру жіберілді", - деді үкімет басшысы.

Ол мұндай хабарламалар су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру үшін ішкі істер министрлігіне жіберілетінін айтты.

"Жалған ақпараттардың басым бөлігі мессенджерлерде фейк хабарламалардың таратылуымен байланысты. Жалған ақпарат орналастырғаны үшін 29 адам (6 адам тұтқындалды, 2 факті бойынша сотқа дейін тергеу жүргізіліп жатыр, қалғандарына айыппұл салынды) жауапқа тартылды. Бұнан бөлек, заңға қайшы сипаттағы 92 жарияланым құқықтық баға беру үшін бас прокуратураға жіберілді. Аталған материалдарды жариялаған әлеуметтік желі қолданушылармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді", - деді Олжас Бектенов.