Белгілі қазақстандық журналист қайтыс болды

0
2 968

Қаңтар айының соңында журналист Қазис Тоғызбаевқа коронавирус инфекциясын жұқтырды деген диагноз қойылған.


Белгілі қазақстандық журналист қайтыс болды

ERNUR.KZ. Белгілі қазақстандық журналист Қазис Тоғызбаев дүниеден озды, деп жазады sputnik.kz.

Журналистің әріптесі Назира Дәрімбет өзінің Facebook-тегі парақшасында Тоғызбаевтың жақында коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскенін атап өтті. Сәуірде ол 73 жасқа толар еді.

Тоғызбаев тілші болып жұмыс істеген "Азаттық" сайтының хабарлауынша, журналист ауруханадан шыққаннан кейін бес күннен соң қайтыс болған. Оған COVID-19 диагнозы 25 қаңтарда қойылды.

Жұма күні Қазис Тоғызбаевты қайтадан үйінен ауруханаға алып кеткен, ал жексенбіде отбасына Тоғызбаевтың жүрегі мәңгіге тоқтағанын хабарлады.

Запастағы полковник Қазис Тоғызбаев "Азаттық" редакциясында 2008 жылдан бері жұмыс істеді. Әскери қызметті аяқтағаннан кейін ол журналистикамен айналысып, суретке түсіруге қызығушылық танытты. Ол оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде жұмыс істеді.